Базарда шыққан өрттен бір адам қаза болды

АСТАНА. 3 қараша. ҚазАқпарат - Үндістанның Уттар-Прадеш штатындағы базардан өрт шығып, 1 адам қаза тапты, деп хабарлайды 24.kz.

Тағы бірнеше тұрғын жарақат алған. Жалын отшашудан шыққан. Қазір қайғылы оқиғаның себеп-салдары тергеліп жатыр. Куәгерлердің айтуынша, отқа орынған базардағы көптеген кәсіпкердің тауарлары толығымен жанып кеткен. Үндістандағы сауда орындарының басым бөлігінде өрт қауіпсіздігінің ережелері толық сақталмайды.