Екі әйел ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыпталды. Сот материалдарына сәйкес, базар сатушылары қоғамдық орында жанжал шығарып, бір-бірін жамандап, былапыт сөз айтқан. Ұрыс-керіс сауда жасау кезінде басталды.
«Сот шешіміне сәйкес, екі әйел ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыпты деп танылып, әрбіреуі айыппұл төлеуге міндеттелді», - делінген Атбасар аудандық сотының ресми хабарламасында.