Базель ІІІ стандарттары Қазақстанда 2015 жылы енгізіледі - ҚР Ұлттық банкінің төрағасы

АЛМАТЫ. 18 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазір барлық елде 1 жылдан бері Базель ІІІ стандарттарын енгізу кестесі қызу талқыланып жатыр. Бұл туралы ҚР Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов бүгін Алматыда қаржы нарығындағы ахуа лтуралы баспасөз мәслихатында айттты.

«Біз Қазақстанда Базель ІІІ стандарттарын 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап кезең-кезеңімен енгізілетін келістік. 2014 жылдың 1 шілдесіне дейін қажетті нормативтік актілер талқыланады», - деді Қ.Келімбетов. Бас банкирдің айтуынша, алдын ала есептеу бойынша Қазақстанның екінші деңгейлі банктері Базель ІІІ стандарттарына көшуге дайын. Жалпы оны әр ел өз мүмкіндігіне қарай әр уақытта енгізбек. Мәселен Ресейде ол 2016 жылы басталмақ.