«Beautymania» дүкенінде ұзақ уақыт күзетші болып қызмет еткен ер адам 2 051 504 теңгелік парфюмерия өнімін жасырын түрде ұрлаған.
Сотта ол кінәсін толықтай мойындап, істеген ісіне өкінді. Келтірілген шығынның орнын толтырды.
Есіл аудандық сотының үкімімен ер адам ҚК 188-бабы 3-бөлімі бойынша сотталды. ҚР Заңының «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық туралы» заңының ережелері ескеріліп, оған шартты түрде 1 жыл 9 ай көлемінде жаза тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.