Беделді «QS» рейтингіне Қазақстанның 8 жоғары оқу орны кірді - Білім және ғылым министрі

None
АСТАНА. 5 наурыз. ҚазАқпарат - Беделді «QS» рейтингіне Қазақстанның 8 жоғары оқу орны кірді. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП-ның сайлауалды тұғырнамасының орындалу мәселесіне арналған Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.

«Жоғары білім саласы бойынша ауқымды жұмыстар жасалуда. Беделді «QS» рейтингіне біздің 8 жоғары оқу орны кірді», - деді министр.

Сонымен қатар Б.Жұмағұловтың атап өтуінше, базалық 18 жоғары оқу орнында және инновациялық бағыттағы университеттерде Назарбаев Университетінің тәжірибесін тарату жұмыстары жүргізілуде. «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Заң қабылданды. Ол биылдан бастап тәжірибеге енгізілетін болады.

«Ғылым саласында қаржыландыру барынша өсті. Кадрлық қамтамасыз етуде үлкен өзгерістер болды. Ғылымға жастар бет бұра бастады», - деді ол.