Бұл туралы «Билайн» компаниясы қоғаммен байланыс қызметінің жетекшісі Юрий Дорохов компанияның бас кеңсесінде ұйымдастырылған баспасөз туры барысында мәлім етті.
Желінің 50, 100, 250 Мб және 1Гб-тық пакеттері бар. 1Mб желінің берілген немесе қабылданған ақпаратының бағасы GPRS/EDGE базасындағы ақпарат беру бағасынан еш айырмашылығы жоқ. Ал «Бейнеқоңырау» қызметі барлық UMTS телефондар үшін 384 Кбит/с стандарт жылдамдықта жүргізіледі. Сонымен қатар, 3G модемді телефондар үшін HSDPA қызметі қолдауымен жылдамдық 3,6 Мбит/с-ке дейін қолжетімді болып отыр.
NTT DoCoMo компаниясы 2001 жылдың қазан айында Жапонияда аталмыш желінің коммерциялық іске қосылуын алғаш рет жүзеге асырған еді. Ал Еуропада ол 2003 жылы іске қосылды.