Beeline абоненттері 8 наурыз күні 12 млн.-нан астам хат жіберіп, 60 млн. қоңырау шалды

АЛМАТЫ. 12 наурыз. ҚазАқпарат - 8 наурыз күні Beeline абоненттері жіберген SMS және ММS хабарламалары күнделікті орташа көрсеткіштерден 4 есеге асып түсті.

Ал қоңыраулар саны 1 қаңтардағы түннен 20 пайызға артық болды.

«Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған іс-шаралар мен экологиялық жобалар Beeline-ның әлеуметтік саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Мобильді байланыстың мүмкіндіктерін пайдалану біздің абоненттерімізге табиғатты қорғауға айтарлықтай үлес қосуға мүмкіндік беретініне қуаныштымыз.  Егер құттықтау сөздері бар әрбір SMS және ММS хабарлама 1 құттықтау ашықхатының орнын ауыстырады деп есептесек, онда Beeline абоненттері осы күні 120 тоннадан астам қағазды үнемдеді. Демек - 6 мыңнан астам ағашты құтқарды», - дейді  Beeline-ның PR-менеджері Анар Жұмағұлова.