Beeline ашық аспан астындағы кинотеатрға шақырады

АЛМАТЫ. Тамыздың 9-ы. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін «КаР-Тел» ЖШС Алмалы ауданыны әкімдігінің аппараты және «Қазақфильм» АҚ-ның қолдауымен қала тұрғындары үшін Beeline «Көше кинотеатры» жобасын іске қосты.

«КаР-Тел» ЖШС-нің Қоғаммен байланыс қызметінің жетекшісі Павел Родиннің айтуынша, «Көше кинотеатры» тек ашық кеңістікте фильмдерді көрсетумен ғана емес, жастарымызды отандық киноның алтын қорымен таныстыруды да көздеп отыр. «Тамыз бойы Beeline кинофильмдер сериясын көрсетеді. Көрермендер 1955-2008 жылдар аралығында түсірілген туындылармен таныса алады», дейді П.Родин.

Қыркүйектің 19-на дейін әрбір жұма мен сенбі күндері алматылықтар отандық туындыларды тамашалаумен қатар, Beeline-нің құнды сыйлықтар ұтыстарына қатыса алады. Сонымен қатар, апта сайын көрермендер бейресми жағдайда белгілі отандық актерлермен, режиссерлермен және отандық киноның дамуына үлес қосып жүрген тұлғалармен жүздесу мүмкіндігіне ие болады.

Жұртшылыққа кеңінен танымал ескі және жаңа кинотуындыларды тегін көруге мүмкіндік жасалған. Көрсетілімдер демалыс күндері сағат 21.00-де басталады.