деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жаңа «GPRS пакеттері» корпоративтік клиенттерге GPRS трафигін қосымша құн салығынсыз 1Мбайт үшін 2,09 теңгеден көтерме бағамен сатып алуға мүмкіндік береді. "КаР-Тел" ЖШС-нің сауда жөніндегі директоры Елена Яковлеваның айтуынша, бұл мобильді интернетті белсенді қолданушылардың қаржысын айтарлықтай үнемдейді. Жалпы Beeline Business өз клиенттеріне «GPRS пакеттерінің» үш түрін ұсынып отыр. Біріншісі - 50Mб үшін 535,72 теңге, екіншісі - 250Mб үшін 1339,29 тенге, ал үшіншісі - 1Гб үшін 2142,86 теңге көлемінде болады. Интервалды дөңгелектеу - 10 Кб. «GPRS пакеттерінің» мерзімі 1 ай, сондай-ақ пайдаланылмаған трафик белгіленген мерзімнен кейін күйіп кетеді.