«Beeline Қазақстан» компаниясының корпоративтік коммуникация саласының директоры өзгерді

АЛМАТЫ. 6 маусым. ҚазАқпарат - Алексей Бендзь «Beeline Қазақстан» компаниясы корпоративтік коммуникация саласының директоры қызметіне тағайындалды. Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, оның міндеті байланыс операторының беделін нығайту мақсатындағы сұхбаттарды басқару.

Бас директор Тарас Пархоменко бұл тағайындау жөнінде: «8 миллионнан астам қазақстандықтар Beeline байланыс қызметін пайдаланады. Біз, өз клиенттеріміздің бізбен бірлесе қызмет істегеніне разы болатындай жұмыс атқаруға тырысамыз. Сол себепті,компания мен клиенттердің және қоғам арасындағы сапалы сұхбатты дамыту маңызды шаруа болып саналады».

А.Бендзь бұған дейін 2008-2012 жылдары AES энергетикалық корпорациясының PR-департаментіне жетекшілік еткен болатын. Еңбек жолын 2002 жылы «Resmi» компаниялар тобында PR менеджер қызметінен бастаған ол 2005 жылға дейін қоғаммен байланыс қызметінің жетекшісіне дейін өскен болатын. Одан кейін 2006-2008 жылдары Deloitte командасында қоғаммен байланыс қызметінің жетекшісі лауазымын атқарды.