Beeline «Күн сайын миллион!» акциясына қатыс та, ұтып ал!» акциясының басталғаны туралы жариялады
16:46, 26 Қазан 2009
АЛМАТЫ. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - «Beeline» байланыс операторы "Beeline-ның «Күн сайын миллион!» акциясына қатыс та, ұтып ал!» акциясынын басталғаны туралы жариялады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталған акция бойынша «Beeline» абоненттері 1000 сандық нөміріне смс хабарлама жіберіп, күн сайын миллион теңгенің, әр жексенбі сайын екі миллионның бір миллионының және акцияның ақтық күніндегі үш миллион теңгенің бір миллионының ұтысына қатыса алады.
«Аталмыш іс-шаралар әлем бойынша шет ел абоненттері арасында кеңінен танымал. Біздің акцияның негізгі мақсаты да Beeline абоненттеріне ірі көлемде ақшалай ұтысты болуына себін тигізу. Бұл оларға қазіргі дағдарыс уақытында үлкен көмек болары сөзсіз», дейді «КаР-Тел» ЖШС-ның маркетинг жөніндегі директоры Айнұр Әбжанова.