Beeline роуминг қызметінің бағаларын төмендетуде

АЛМАТЫ. 19 қаңтар. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Beeline роумингте қоңырау жасауға тарифтерін төмендетуде.

Аталмыш компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, 11 қаңтардан бастап «Beeline елдері» тарифтік аймағында Beeline желісінде тіркелген кезде Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Украина, Армения, Грузия, Тәжікстан елдерінде GPRS-трафиктің құны 6 есе төмендетіледі. Атап айтқанда, «ТМД» тарифтік аймағында болған кезде Қазақстанға шығатын қоңыраулар құны едәуір арзандатылады. GPRS-трафиктің құны бұрынғы 14 теңгенің орнына ҚҚС қоса алғанда 2,21 теңгені құрайтын болады. Сонымен қатар, «ТМД» тарифтік аймағында болғанда Қазақстан бағытындағы сөйлесудің шығыс қоңыраулары минуты ҚҚС қоса алғанда 200-ден 147 теңгеге дейін төмендетілмек.

«Компаниямыздың жаңа ұсынылымы шетелде болған қазақстандықтардың ұялы телефонмен тілдесуін қолайлы да жеңіл ете түседі. Көршілес елдермен іскерлік қатынастар қарқынын күшейтеді, қазақстандықтар шетелге іссапарларға жиі барып тұрады, сәйкесінше роумингте қоңыраулар саны көбейеді. Beeline-ның жаңа ұсынылымы біздің компанияның қарапайым абоненттері мен шағын және орта бизнес өкілдері үшін кезекті жеңілдігі» - дейді «КаР-Тел» ЖШС-ның Бас директоры Анатолий Попов.

Оның айтуынша, қазіргі кезде роумингтегі жеке тұлғалар үшін «Қоңыраулар күтем» акциясын жалғастыру туралы шешім қабылданған және «Қоңырауларды күтем» акциясы Beeline роумингімен қамтылатын барлық 160 астам елде және де барлық тарифтік жоспарларда қосылуы мүмкін. "Акция шарттары бойынша абоненттер роумингте кіріс қоңырауларды (Beeline роумингімен қамтылған елдерде) сөйлесудің бірінші минутынан кейін ҚҚС қоса алғанда 25 теңге төмендетілген бағамен қабылдауға қол жеткізеді. Акция шарттары жөнінде толығырақ www.beeline.kz сайтынан білуге болады",-деді ол.