Beeline шектеусіз ғаламтор ұсынып, 3 сүйікті нөміріңізге тегін хабарласуға мүмкіндік береді

АСТАНА. 26 мамыр. ҚазАқпарат - «КаР-Тел» ЖШС (Beeline бренді) «Үйдегі ғаламтор» акциясы аясында жаңа акцияны іске қосқандығын хабарлайды.

«Үйдегі ғаламтор» қызметіне «Лимитсіз 1», «Лимитсіз 3900», «Лимитсіз 4600», «Лимитсіз WiFi» тарифтік жоспарларының бірімен қосылған әрбір абонент «Рекорд» тарифтік жоспарына қосылған 3 СИМ картаны алады.

Абонент тәулігіне 120 теңгеден басталатын жылдамдығы әлемдік ғаламторға секундына 4 Мбит-ті құрайтын және локалды веб-ресурстарға секундына 100 Мбит-ті құрайтын лимитсіз ғаламторды ғана алып қоймайды, сонымен қатар жанұясының екі мүшесін «Рекорд» тарифтік жоспарына қосып, өзара 0 теңгемен тегін сөйлесуге мүмкіндік алады. Ішкі жабық үш абонент тобында сөйлесудің алғашқы минуты 15 теңгені құрайды. Жабық тобына кірмейтін Beeline абоненттеріне - 15 теңге, ал басқа да ұялы операторлар мен қалалық телефондарға минутына - 35 теңге. Қадам тарификациясы - 1 сек.

«Бұл бүгінгі таңдағы қазақстандықтар үшін тиімді телекоммуникациялық ұсыныстардың бірі. Бұл акция біздің абоненттерге ғаламторға деген шығындарын үнемдеуге мүмкіндік береді» - деп атап өтті өз сөзінде «КаР-Тел» ЖШС қоғаммен байланыс жөніндегі қызмет жетекшісі Юрий Дорохов.

Акцияға «Үйдегі Ғаламтор» қызметіне 2011 жылдың 25 сәуірінен бастап қосылғандар ғана қатысады. Акцияның өткізілу мерзімі 2011 жылдың 30 қыркүйегіне дейін.