Аталмыш қызметтің негізгі артықшылығы - роумингтегі қоңыраулар құнының тиімділігі болып табылады. Осы қызметті қосқан Beeline абоненттері үшін кіріс, жергілікті шығыс және Қазақстан бағытындағы қоңыраулардың минуты 39 теңгені құрайды.
«Аталмыш қызметтің маңыздылығы мен қажеттілігі сөзсіз. Демалыс маусымының жақындауына орай, «Жеңіл роуминг» қызметі үлкен сұранысқа ие болатынына сенімдіміз. Қазақстанның барлық операторларына, оның ішінде үй телефон нөмірлеріне де қоңырау шалудың құны 39 теңге мөлшерінде болуы біздің абоненттерге өз туыстары мен жақындарымен үнемі байланыста болуға мүмкіндік береді», - дейді "Кар-Тел" ЖШС-ның Қоғаммен байланыс жөніндегі қызметінің жетекшісі Юрий Дорохов.
Қазіргі таңда «Жеңіл роуминг» қызметі мына елдердің аумағында жарамды: Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Армения және Грузияда Beeline желісінде тіркелген кезде, Украинада Beeline және Kyivstar желілерінде тіркелгеннен кейін.
«Жеңіл роуминг» қызметі Beeline-ның барлық абоненттеріне қол жетімді. Қызмет тегін қосылады. Абоненттік төлем тәулігіне 39 теңге. Қызметті қосу үшін *120*139# бұйрығын теріп, қосу пернесін басу қажет. Сондай-ақ абоненттің қызметті *120*039# бұйрығын теру арқылы тоқтатуына болады.
Қызметтің жарамдылық мерзімі қосылу сәтінен бастап акция мерзімінің соңына дейін. Акция 2011 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жарамды.
Қызмет жөнінде толығырақ ақпаратты www.beeline.kz сайтының «Роуминг» тарауында білуге болады.