33-ші бәсекеге қабілеттілік индексінде Давостың сарапшылары 144 ел бойынша деректерді талдады, өткен жылға қарағанда тағы екі ел қосылып отыр.
ҚР Экономикалық даму және сауда министрі мәліметінше, рейтингінің қорытындылары бойынша Қазақстан орташа 4.4.балмен 51 орынды иеленді, бұл еліміздің ұстанымын өткен жылмен салыстырғанда 21 ұстанымға жақсартқанын білдіреді (2011 жылы - 72 орын). Бұл ретте Қазақстан даму жолында тиімділік пен инновациялық даму тәрізді факторлар үлкен рөл атқаратын анағұрлым жоғарғы даму деңгейі бар елдердің қатарына қосылды. Бұл топта Қазақстаннан өзге Ресей Федерациясы, Бахрейн, Бразилия, Чили, Венгрия, Малайзия, Польша, Түркия, Эстония және тағы бірқатар елдер бар.
Қазақстанның ұстанымдары барлық факторлар бойынша жақсарды: «Институттар», «Макроэкономика», «Жоғары білім және кәсіби дайындық», «Тауар нарығының тиімділігі», «Қаржы нарығының дамуы», «Технологиялық дайындық деңгейі», «Бизнестің дамуы», «Инновациялар». Қазақстанның мемлекеттік борышы төмен деңгейлі макроэкономикалық тұрақтылық факторы бойынша ұстанымдары сол қалпынша мықты.
Бұрынғы КСРО елдері ішінде Қазақстан өз алдына Эстония (34 орын), Литва (45 орын) және Әзербайжанды (46 орын) салып, төртінші орында тұр. Кеңестік дәуірден кейінгі кеңістіктің қалған мемлекеттері төмен орында орналасқан: Ресей Федерациясы 67 орында, Украина - 73 орында, Грузия - 77 орында, Армения - 82 орында, Молдова - 87 орында, Тәжікстан - 100 орында және Қырғызстан - 127 орында. БЭФ рейтингінде Беларусь және Өзбекстан жоқ.
Биылғы жылы рейтингтің көш басында тағы да Швейцария тұр. Одан кейінгі орындарда Сингапур, Финляндия және Швеция орналасқан.