Begin Group ұйымдастыратын білім беру көрмесінде ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының таныстырылымы өтеді

АЛМАТЫ. Наурыздың 25-і. ҚазАқпарат /Сара Мұстафина/ – Алматыда Begin Group ұйымдастыратын білім беру көрмесінің аясында наурыздың 28-інде ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының таныстырылымы болады. Бұл жөнінде ҚазАқпарат тілшісіне Begin Group компаниясының шетелдік бағыттағы PR-менеджері Евгения Желаннова хабарлады.

Көрмеге келушілер негізгі білім беру бағдарламалары: тілдік курстар, демалыстық бағдарламалар мен ұзақ мерзімді оқыту, Қазақстанның, Ресейдің және бірқатар шет елдердің жоғары оқу орындарына түсу туралы ақпарат ала алады.Бұған дейін хабарланғанындай үш көрме өтеді. Мысалы, олардың бірі ? «Жеке мектептер» ? өз балаларының сапалы білім алуына мүдделі ата-аналарға арналған: үйренудің демалыстық және жылдық бағдарламалары, шетел тілін білуге арналған тестілеу, жекелеген пәндер және т.б.«Халықаралық білім беру» мамандандырылған көрмесі ? бұл бірінші, екінші жоғары білім бағдарламасы; Қазақстандағы және шет елдердегі магистратура, аспирантура, шет елдерде оқыту бойынша орталық.«Экономикалық және бизнес-білім беру» халықаралық көрмесі Қазақстандағы және шет елдердегі бірқатар бағдарламаларды, шет елдердегі мамандандырылған бизнес-білім беруді, стипендиялар мен гранттар туралы ақпараттарды, басшыларға арналған бағдарламаларды, қосарланған дипломның бағдарламаларын, TOEFL мен GMAT-қа даярлықты, іскерлік шетелдік тілдер курстарын, жетекші бизнес-мектептердің таныстырылымдарын ұсынады.Сонымен қатар, көрме аясында Еуропа мен АҚШ-тағы магистратуралық және аспирантуралық стипендиялардың таныстырылымы, сондай-ақ батыстық бизнес-мектептердің түлектерімен кездесулер өтеді. Одан басқа, көрмеге барлық келушілер білім беру анықтамалықтарын сыйға алады.