деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ол бұл сайыста үндістандық 19 жасар Анап Кумардан басым түсті. 1984 жылы Алматы облысы Райымбек ауданы Қақпақ ауылында дүниеге келген Бегнар бұған дейін 24 кездесу өткізіп, оның 23-інде жеңіске жеткен болатын. Джиу-джицудан спорт шебері дәрежесі бар ол спорттың осы түрі бойынша Қазақстанның 2 дүркін чемпионы. Соңғы жылдары "Бейбарыс-Profil" кәсіпқой спорт клубында Сағатбек Мұсахановтан тәлім алып жүрген Бегнар өткен жылы ережесіз жекпе-жектен ТМД, Еуразия чемпионы атанған еді. Енді Әлем чемпионы атағына таласуға мүмкіндік алып отыр.