«Bek Air әуе компаниясына қатысты министрлік талап-арызы негізінде тоқтатылған рейстер үшін билет құнын қайтару бойынша сот талқылаулары өтті. Сот талап-арыздарды толықтай қанағаттандырды. Осы орайда 60 млн теңге сомаға 990 тұтынушы өздерінің құқықтарын қорғады», - деді министр халық алдында есеп беру кезінде.
14:59, 20 Тамыз 2020
Bek Air әуе компаниясы билет үшін 60 млн теңге төлеуге міндеттелді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Bek Air әуе компаниясы билет құнын қайтару бойынша 60 млн теңге төлеуге міндеттелді. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.