«14 сәуірде әуе сапары кезінде екі жолаушы ішімдікке масайған күйде бірнеше рет экипаж мүшелеріне тіл тигізіп, кейіннен жолаушылардың бірі аға жолсерікке бірнеше соққы жасады», - делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі кезде болған оқиғаның мән-жайын Астана әуежайында Желілік ішкі істер бөлімі зерттеп жатыр.
«Іс бойынша аға жолсерік пен аталған екі жолаушы арасында көзбе-көз беттестіру жүргізілді. Алайда бұдан басқа іс-қимылдар атқарылған жоқ. Осындай бетпе-бет жүздесу басқа желсеріктермен және өзге де жолаушылармен жүргізілмеді. Егер де аталған рейспен сапарлаған адамдар оқиғаның фактілері туралы жауап беруге дайын болса, бізге хабар берсеңіздер деген өтініш бар», - деп жазылған әуе компаниясының парақшасында.