Бүгін ҚР Мұнай және газ министрлігінің алқа мәжілісінде министр Сауат Мыңбаев осылай айтты.
«Қазіргі кезде заң бойынша бағаның шекті бағасын Экономикалық даму және сауда министрлігі, сондай-ақ Табиғи монополияларды реттеу агенттігі белгілейді. Ол мәселе Мұнай және газ министрлігімен өзара келісіледі. Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында баға саясатын қатаң түрде үйлестіріп алған жөн. Олай болмаса, жасанды бағаның кесірінен біз жанар-жағармай тапшылығына ұрынамыз», - дейді С.Мыңбаев.
Министр хабарлағандай, Ресеймен арадағы бағаның тепе-теңдігін сақтап қалу үшін мұнай өнімдерінің айлық кестесі әзірленетін болады.