БЭК елдерінің аумағы бойынша тауарларды тасымалдаудың тарифтерін ЕЭК біріздендірмейді - Т. Сүлейменов
Бұл жөнінде Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Экономика және қаржы саясаты бойынша алқасының мүшесі (министр) Тимур Сүлейменов Мәскеуде өткен «Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде өзара сауданы нығайту мүмкіндіктері» тақырыбындағы «дөңгелек үстел» барысында мәлімдеді.
Т.Сүлейменов БЭК елдерінің аумағы бойынша тауарларды тасымалдау тарифтерін біріздендіру туралы мәселе келешекте қарастырылмайды деді.
«Не істеу керек дейсіз бе? - Тарифтердің әдістемесін біріздендіру қажет, яғни, тарифке не енігізілетін болады, ал оның шеңберінен не шығарылатын болады, соны анықтау қажет. Ең ірі мәселе - бұл осы сияқты түрлі елдерде де тарифке енгізілетін әлеуметтік міндеттемелер», - деді министр.
Бұған қоса, әр түрлі елдерде қоршаған ортаның алуан түрлі шарттары, жылжымалы құрамның, темір жол төсемінің әр түрлі техникалық жағдайлары және сол сияқты тарифтерге әсерін тигізетін еңбекақы айырмашылығы да бар.
«Шешімдерге қол жеткізу қажет, алайда, тарифтерді біріздендіру мүмкін емес. Тіпті бір елдің шеңберінде әрбір бағыттың тарифтерінің қатты айырмашылығы болуы мүмкін», - деді министр.
Ақпан айында ЕЭК Жалпы көлік саясатының тұжырымдамасының жобасын дайындағандығын естеріңізге сала кетейік, ол БЭК елдерінің үкіметтеріне келісуге жіберілген. Ол «2020 жылға дейінгі кезеңге БЭК көліктік саясаты: әрекет жасау уақыты» бағдарламасын әзірлеу үшін негіз болады.
Қазіргі уақытта Ресей және Белорус нарығына орнығуды көздеп жүрген отандық кәсіпкерлер тежеу факторы ретінде теміржол тасымалдары тарифтерінің әр түрлілігін және логистика үшін шектеулі шарттарды атайды.