Бек Нұрмағанбет АҚШ-тағы жекпе-жегін нокаутпен жеңді
Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет (10-0, 8КО) АҚШ-тың Лаг-Вегас қаласында Сауль "Канело" Альварес – Джермелл Чарло жекпе-жегінің андеркардында өнер көрсетті. ҚазАқпарат бұл туралы Қазақстанның кәсіпқой боксы Instagram-парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Нұрмағанбет рингке нигериялық Абимбола Осундаиромен (5-0, 3КО) шықты. Кездесу спуреорта салмақта өтті және 6 раундқа есептелді. Алайда, ол үшінші раундта қазақстандық боксшының орындауындағы техникалық нокаутпен аяқталды.
Осылайша, Бек Нұрмағанбет кәсіпқой бокста 11-ші жеңісіне қол жеткізді. Ал Абимбола Осундаиро алғаш рет рингте жығылып отыр.
Еске салайық, былтыр қазақстандық спортшы суперорта салмақтағы WBA International чемпионы белдігін жеңіп алды. 25 жастағы Нұрмағанбет кәсіпқой боксқа 2020 жылы ауысты.