НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет (6-0, 4 КО) кәсіпқой бокстағы жетінші жекпе-жегінде де жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
АҚШ-тың Миннеаполис қаласындағы бокс кешінде ол американдық Хайнелл Уилермен (7-1, 6 КО) қолғап түйістірді. Алты раундқа жоспарланған жекпе-жек екінші раундта аяқталды. Бек қарсыласын нокаутпен сұлатып түсірді.
Осылайша, Бек Нұрмағанбет кәсіпқой бокстағы жетінші жегінде де жеңіске жетті.
Айта кетсек, бұдан бұрын қазақстандық Евгений Павлов мексикалық Алексис Салидоны, Абылайхан Жүсіпов мексикалық Эдгар Рамиресті нокаутпен жеңді.
Одан бұрын аталған рингте Әбілхан Аманқұл жеңіске жетті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.