Бек Нұрмағанбет венесуэлалық боксшыны екінші раундта нокаутқа жіберді

Фото: sports.kz
САПОПАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет (9-0, 7 КО) Сапопандағы (Мексика) Сауль «Канело» Альварес пен Джон Райдер айқасының андеркардында кезекті жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Нұрмағанбеттің қарсыласы – Венесуэла өкілі Архенис Эспанья (15-1, 14 КО). Олардың суперорта салмақтағы жекпе-жегі сегіз раундқа жоспарланған болатын, бірақ соңына жетпей, екінші үш минуттықтағы нокауттан кейін қазақстандық жеңімпаз атанды.

Осылайша, Бек кәсіпқой бокстағы оныншы жеңісіне жетсе, Эспанья екінші рет жеңілді.

Бокс кешінің андеркардында жеңілмеген қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл да (4-0, 4 КО) мексикалық Фабиан Риос Фраустоны (7-7-3, 4 КО) нокаутқа жіберіп, жеңіске жеткенін айта кетейік.