Бекарыс Раматулла Олимпиаданың ширек финалында сынға түседі

Фото: Фото: Владислав Семенов / ҰОК

ПАРИЖ. KAZINFORM – Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін байдаркада 1 000 метрге ескек есудің жекелей сынында ел намысын қорғаған Бекарыс Раматулла жартылай финалға шыға алмады. 

Ол аталған қашықтықты 3:44:47 секунд уақыт көрсеткішімен өз тобында сынға түскен алты спортшының ішінен соңғы болып мәре сызығын кесті. Ал, жарыстың ережесіне сәйкес, әр топта үздік шыққан 2 спортшы ғана жартылай финалға тікелей жолдама алады.

Одан төмен көрсеткішке жеткен спортшылар ширек финалда бақ сынайды. Егер ширек финалда үздіктер қатарынан көріне алса жартылай финалға өтеді.

Естеріңізге сала кетсек, Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 11 тамызда мәресіне жетеді. Ойындарға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысып жатыр. Олимпиадашылар 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салынуда.