90 келіде сынға түскен Қуандық Стамполов финалға дейін сүрінбей, шешуші жекпе-жекте ресейлік қарсыласына жол берді. Осылайша, Еуропа кубогінің күмісін иеленді.
Ал 100 келіге дейінгі салмақта жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы атанған Бекарыс Сәдуақас Афины төрінде қола медальға қол жеткізді.
Азамат Мұқанов жаттықтыратын Қазақстан жастар құрамасы Грекиядан жалпы есебі жеті медаль жеңіп алды. Кеше бес дзюдошымыз жүлдегер атанған болатын.