Бекбол Сағын Ақтөбе әкімі болып тағайындалды
Омаров Ерхан Болатжанұлы басқа жұмысқа ауысуымен байланысты Ақтөбе қаласының әкімі қызметінен босатылды.
Бекбол Сағын 1972 жылы туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «заңгер», Қазақ гуманитарлық-заң университетін «құқықтану бакалавры», Қазақ инженерлік-техникалық академиясын «экономист» мамандықтары бойынша бітірген, экономика ғалымдарының магистрі.
Еңбек жолын 1993 жылы Мемлекеттік қаржы бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасының қаржы жүйесінде бастады.
1998-2003 жылдары - Ақтөбе Салық комитетінде, Ақтөбе облысының Мәртөк ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы.
2003-2004 жылдары - Ақтөбе облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары.
2004 жылы - Ақтөбе қаласы әкімінің орыбасары.
2007-2010 жылдары - Ақтөбе қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары, бастығы.
2010-2013 жылдары - Астана қаласы қаржы басқармасының бастығы.
2013 жылғы шілдеден осы кезде дейін Астана қаласы «Алматы» ауданының әкімі болып қызмет атқарды.