96 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Бекболат Рахат 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионы атанды. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 352 келіні (156 196) бағындырды.
Сондай-ақ, 15 жастағы қызылордалық атлет серпе көтеруден жаңа әлем рекордын орнатты. Одан бөлек, Бекболат 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында күміс жүлдегер атанды.
Биылғы маусым Бекболат үшін сәтті өтуде. Ол Лас-Вегаста өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын, сонымен қатар, құрлық біріншілігін жеңіспен аяқтап отыр. Осы салмақта бақ сынаған Артем Антропов қола жүлдегер атанды.