АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісінің депутаты, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан Қазақ радиосында «Қоңыр әңгіме» атты хабарды жүргізе бастады.
Хабар бүгіннен бастап эфирге шықты.
Бұл туралы «Қазақ радиолары» ЖШС Бас директоры Құрманбек Жұмағали Фейсбуктегі жеке парақшасында жазды. Оның айтуынша, аталған бағдарлама Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында жүргізіліп отыр.
«Ондағы мақсат ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ғасырлар бойы қалыптасқан бай мұраны ұрпақ санасына сіңіру. Қазақ радиосының эфиріне әр дүйсенбі күні сағат 20:00-де шығатын «Қоңыр әңгіме» хабарының алғашқы саны «Ұлттық код» тақырыбына арналады. Хабардың жүргізушісі Мәжіліс депутаты, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан», - деді Қ. Жұмағали.
Бейсен Сұлтан
Сұлтан Бейсен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын 2007 жылы "Жазушы" баспасында редактор болып бастаған. 2008 жылы "Ара" журналында, 2010-2011 жылы Алматы облысының "Талдықорған кеші" газетінде тілші, 2012 жылы "Талдықорған Севен" газетінде тілші болып жұмыс істеген. 2013 жылы сәуір айынан бастап "ҚазАқпарат" ХАА-нде Төте жазу редакциясында шығарушы редактор болып жұмысқа орналасқан