«Бекет» жедел алдын алу шарасы барысында 3 қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Бекет» жедел алдын алу шарасы барысында 3 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бүгін ҚР ҚМ Кедендiк бақылау комитетiнің басқарма бастығы төрағасының орынбасары Ринат Смағұлов айтты.

«2013 жылдың 4 қарашасынан осы уақытқа дейін өткізіліп жатқан «Бекет» жедел алдын алу шарасы барысында 3 қылмыстық іс қозғалды. Оның 2-еуі тауарды контрабандалық жолмен тасымалдау фактісі бойынша болса, 1-еуі кедендік төлемдер мен салықтан жалтаруға қатысты», - деді ол.

Оның алға тартқан деректеріне қарағанда, «Альянс Экспресс Логистик» ЖШС 25 миллионнан астам, ал «Магнит-М» 29 миллионнан астам теңгенің тауарын контрабандалық жолмен әкелген. Ал «Астана авто маркет» болса, 231 млн. теңгеден астам кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтарған.