Бекхэм «Манчестер Юнайтедпен» келісімшартқа отырды

АСТАНА. 3 қараша. ҚазАқпарат - Атақты ағылшын футболшысы Дэвид Бекхэмнің үлкен ұлы «Манчестер Юнайтед» жасөсіпірімдер академиясына қабылданды. Клуб КПР-дың балалар командасында өнер көрсететін 14 жастағы Бруклин Бекхэмге ұсыныс тастапты. Әкесінің жолын қууды армандайтын Бруклин бұл ұсынысты жерге тастай алмаған, деп хабарлайды «РБК-Спорт».

Бруклин футболмен АҚШ-та «Лос-Анджелес Гэлаксидің» балалар командасында бастаған.