«Бекіре-2013» жедел алдын алу шарасы өтуде

None
АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат -10 сәуір мен 31 мамыр аралығында Көліктегі ІІД Ақтау, Орал, Атырау стансалары қызмет көрсету аумақтары мен Орал-Каспий бассейні аумағында балық пен балық өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға,

оның алдын алу мен жолын кесуге бағытталған «Бекіре-2013» шарасын өткізуде.

Аталған ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, осыған орай Ақтау, Орал, Атырау стансалары ішкі істер желілік бөлімдері мен шекара қызметі, балықты қорғау, кедендік бақылау органдарымен өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастыру мақсатында бірлескен іс-шаралар жоспарларын құрды.

Бүгінгі күні «Бекіре-2013» жедел алдын алу шарасын нәтижелі атқару үшін Ақтау, Орал, Атырау стансалары қызмет көрсету аумақтарында желілік полиция бөлімдеріндегі қоғамдық қауіпсіздік, тергеу, криминалдық бөліністері басшыларынан жұмыс топтары құрылды. Сондай-ақ, балықты және балық өнімдерін заңсыз шығару, тасымалдау, сатып алу, сату және өткізу фактілерін анықтау және болдырмау мақсатында вокзалдарда, стансаларда, жолаушылар пойыздарында ілеспе жасақтар жұмыс істеуде.