Оның айтуынша, науқан басталғалы бері табиғат қорғау заңнамасының 226 табиғат қорғау заң бұзушылығы анықталған. Соның 198 фактісі - балықты заңсыз аулау, 20 - заңсыз тасымалдау, 6 - факті - заңсыз сатып алу және сату. Әкімшілік жауапкершілікке 171 адам тартылды, оның 39-ы сот тәртібімен жауапкершілікке тартылды.
«Жыл сайын браконьерлермен күресу үшін еліміздің су қоймаларында «Бекіре-2015» және «Уылдырық шашу» балық қорғау науқандары өткізіледі. Жыл сайын бағалы балық түрлері уылдырық шашу маусымында құқық және табиғат қорғау органдары заңсыз балық аулауға, өткізуге, сатып алуға және оларды заңсыз тасымалдауға жол бермеу үшін бірлесіп жұмыс атқарады. 2015 жылдың басында акцияны өткізу туралы Ауыл шаруашылығы, Ішкі істер министрліктерінің және Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірлескен бұйрығы бекітіліп, үйлестіру штабының құрамы, сондай-ақ бірлескен іс-қимыл жоспары айқындалды», - деді ол.
Айта кетерлігі, бекіре балығын заңсыз аулағаны үшін 2000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Мұнымен табиғатқа ірі көлемді залал келтірілген жағдайда немесе балық аулау ұйымдасқан топпен жүзеге асырылса, мұндай жағдайда 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.