Оның 252 фактісі заңсыз балық аулауға,
7 фактісі балықты заңсыз саудалауға, 28 фактісі заңсыз ауланған балықтарды тасымалдауға қатысты болып отыр. Бұл мәліметтермен бүгін Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның деректері бойынша, аталған фактілер бойынша 15 қылмыстық іс қозғалып, олардың 7-уі аяқталды. 18 материал тиісті процессуалдық шешім қабылдауға жіберілген. Балық аулау заңнамаларын бұзғаны үшін 225 адам әкімшілік жауапқа тартылып, олардан 1,2 миллион теңге көлемінде айыппұл алынды. «Заң бұзушылардан 26,7 тонна балық тәркіленді. Олардың 475 киләсі бекіре тұқымдас балықтар. Сондай-ақ 488 балық аулау мен 37 суда жүзетін құралдар тәркіленді», деді Қ.Жұманов.
Оның айтуынша, «Бекіре» жедел-сауықтыру шарасы елдегі су ресурстарындағы байлықтарға қолсұғушылықтың алдын алу мен жолын кесу мақсатында сәуірдің 10-ы мен маусымның 1-і аралығында Орал-Каспий бассейнінде жүріп жатыр. Шара Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің өкілдерімен бірлесіп жүргізілуде. «Көктем мезгілінде, яғни балықтардың уылдырық шашатын уақытында еліміздің өзге де су қоймаларында браконьерлік әрекеттер жандана түсетін әдеті. Сондықтан қазір Арал-Сырдария, Зайсан-Ертіс бассейндерінде Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда облыстарының тәртіп сақшылары балық қорғау шаруашылығы қызметкерлеріне көмек көрсетуде, деді департамент басшысы.