Бекман Сойлыбаев 10-ыншы жеңісіне қол жеткізді
15:24, 11 Наурыз 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бекман Сойлыбаев 10-шы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жерлесіміз бүгін Калифорнияның Тустин қаласында мексикалық Герман Меразбен жұдырықтасқан болатын.
Аса тартысты өткен жекпе-жекте Сойлыбаев төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Есеп: 60-54, 60-54, 59-53.
Осы жеңістен кейін ұйымдастырушылар қазақстандық боксшыға естелік ретінде чемпиондық белбеуді сыйға тартты.
Бұл Сойлыбаевтың кәсіпқой бокстағы оныншы жеңісі. Ол осыған дейін тоғыз жекпе-жек өткізіп, барлығын өз пайдасына аяқтаған болатын. Төрт қарсыласын нокаутқа жіберді.