Боксшы көпшілікке өзінің техникалық және функционалдық дайындығын көрсетіп, өзінің осы жылға арналған барлық жоспарларымен бөлісуді жоспарлауда. Сондай-ақ, Сойлыбаевтың командасы боксшының алдағы жекпе-жекте шаршы алаңға киіп шығатын формасын таныстырмақ. Осы күні спортшы чемпиондық төрт белбеуге ие.
Бекман Сойлыбаев өз мансабында барлығы 11 айқас өткізді. Оның барлығында жеңіске жетті, төртеуінде қарсыластарын нокаутқа жіберді. Ол соңғы айқасын 30 сәуір күні Мексиканың Чиуауа қаласында өткізіп, екінші жеңіл салмақ дәрежесіндегі WBC International чемпиондық белбеуін жеңіп алған еді. Енді WBC ережесі бойынша Сойлыбаев өзінің белбеуін қорғауы тиіс. Оның келесі жекпе-жегі 13 қазанда Лос-Анджелесте өтеді деп күтілуде.
Қазақстандық кәсіпқой боксшының ашық жаттығуы «Мәскеу» бизнес-орталығындағы «Bronx» бокс залында өтеді.