Бұл жеңіс Сойлыбаевтың BoxRec.com беделді сайтының рейтингісіндегі жағдайын жақсартты. Ол екінші жартылай жеңіл салмақта 33 орынға көтеріліп, 50-інші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, Бекман Сойлыбаев рингте өткізген барлық 12 жекпе-жегін жеңіспен аяқтап келеді. Оның төртеуінде қарсыласын нокаутқа жіберген.