Бекман "Ali Gym club" залында Міржан Рахымжановпен бірге спарринг өткізіп, өзінің арсеналындағы кейбір элементтерді жасады.
Еске салайық, Бекман Сойлыбаев - жартылай жеңіл салмақтағы WBC International чемпиондық белбеуінің иегері, WBC желісі бойынша осы салмақтағы ТОП-25 боксшылар тізіміне кіреді. Жаздың соңында ол осы белбеуді қорғау үшін аргентиналық Орацио Кабралмен (19-0-1, 8КО) айқасады.