Жандарбек Бекшин қалада инфекция жұқтыру қаупі бар негізгі бес орынды атады.
«Бүгінгі таңда жұқтырудың негізгі бес орнына кіретіндер: сауда объектілері – 32 % (3% – ға төмендеу), отбасылардағы байланыстар – 16% (2% – ға төмендеу), қоғамдық көлік - 17,1% (0,5% - ға төмендеу), базарлар-13% кіреді, мұнда негізгінде 9% азық-түлік нарықтарында жұқтырылады. Көрсетілген 2-3% – ға төмендеу қолданыстағы 2 аптадан шектеу шараларының нәтижесі және вакцинациядан кейін ұжымдық иммунитеттің өсуі ретінде болды»,-дейді ол.
Халық арасында инфекцияның өсу себептері:
-Көрінбейтін биологиялық қауіпке халықтың немқұрайлы қарауына байланысты, COVID-19 вирусының дельта нұсқасының өте жоғары жұқпалы болуы;
- қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында (қала маңы аймағында және жалға алынған жер үйлерде) жаппай отбасылық іс-шараларды (той, мерейтой және т. б.) өткізу.
- Кейбір азаматтар арасында вакцинациялаудың пайдасы туралы күмәнінің жалғасуы, қоғамдық орындарда және қоғамдық көліктерде бетперде режимін сақтамауы.
- 20-39 жас аралығындағы жастар арасында жалғасып келе жатқан жұқпалардың 34% -ы олардың жоғарғы белсенділігі аясында, кейіннен отбасы мүшелеріне жұқтыру, олар инфекцияның гипер-таратушылары.
«Халық арасында дельта (Үнді штаммы) нұсқасының қарқынды таралуына және клиникалық симптомдары бар науқастардың 94,5% - ға дейін ұлғаюына байланысты Алматы қаласында шектеу шаралары 4 қыркүйек демалыс күндері және 6-ші қыркүйекке дейін ұзартылды»,- деді Жандарбек Бекшин.