«Қазір қалада 4 автобуста осындай бактерицидті шам орнатылған. Пилоттық жобаның қорытындысы шыққан соң оларды басқа автобустарда қолданамыз. Біз микроб флорасын зерттеп жатырмыз. Аталған шамның тиімділігі тексеріліп жатыр. Бұл зерттеулердің арқасында карантин шараларын қатайту болмаса бәсеңдету бойынша шешім қабылдаймыз. Әзірге ақпарат аз», - деді Бекшин.
Айта кету керек, біз бұған дейін Алматыда қоғамдық көлікте бактерицидті шам орнатыла бастағанын жазған болатынбыз.