«Біз ылғи жақсы болсын, адамдар таза ауамен демалсын деген оймен тауға шығуға рұқсат беріп едік. Арты не болды? Таудың әр талының түбінде - 1 самаурын, 20-30 адам. Бұл - шарасыздықтан енгізілген шектеу. Осындай басқосуларға тыйым салу үшін қаулыны өзгертуге тура келді. Тауға жаяу, велосипедпен баруға болады. Автокөлікпен жүруге болмайды. Тамақ ішіп, дастархан жаюға тыйым салынады», - деді Ж.Бекшин.
Айта кету керек, Алматыда 14 шілдеден бастап тауға шығуға тыйым салынған болатын.