— Осы бағыттағы әлеует әлі толық ашылған жоқ. Оны өздеріңіз білесіздер. Тауарлар бойынша 23 пайыз ғана. Әсіресе ірі жобалар бойынша осындай проблема бар, — деді ол.
Үкімет басшысы Энергетика министріне осы бағыттағы тапсырмаларды аяғына дейін жеткізуді тапсырды.
— Мен олармен кездескенде үнемі айтып жүрмін. Қазақстандық кәсіпорындарды тарту керек екенін, елішілік құндылықты арттыру керек екенін еске салып отырамын. Ал сіздерге оны әрі қарай бақылауға алып, аяғына дейін жеткізу керек, — деді Олжас Бектенов.
Ал бұған дейін «ҚазМұнайГаз» ел Үкіметіне металдан құйылған су құбырларын полимерге ауыстыруды ұсынған болатын.