Бектенов Шолпан-Ата қаласында ЕҮАК-тың шағын құрамдағы отырысына қатысты
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Шолпан-Ата (Қырғызстан) қаласында өтіп жатқан Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Жиынға Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин, Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Қырғыз Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев, Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин және Армения Республикасының вице-премьері Мгер Григорян қатысты
Онда биылғы 31 қаңтарда Алматы қаласында өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңесте берілген тапсырмалардың орындалу барысы қаралды.
Кедендік және салықтық әкімшілендіруді цифрландыру саласындағы интеграцияны дамытудың стратегиялық бағыттарын жүзеге асыруға, қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып ақпарат алмасуды жетілдіре түсуге назар аударылды.
Айта кетелік Бектенов Қырғызстандағы шипажайлар құрылысын Үкімет бақылауында ұстайтынын айтты.