АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Бекзад Нұрдәулетов (5-0, 2 КО) алдағы жекпе-жегі өтетін күнді белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Adal Promotions промоутерлік компаниясының ақпараты бойынша боксшы Польшаның Люблине қаласында шаршы алаңға шығады. Қарсыласы - грузиялық Яго Кизирия (6-8, 4 КО). Жекпе-жек рейтингтік бағытта өткізіледі.
Бекзад Нұрдәулетов бұған дейінгі соңғы жекпе-жегін 11 маусымда Ақтау қаласында өткізді. Онда төрешілердің бірауыздан Бекзад қазақстандық Михаил Коханчиктен (4-1, 4 КО) басым түсті деп тапты.
Бекзад Нұрдәулетов әуесқой бокста 2019 жылы әлем чемпионы атанды.
Ал Яго Кизирияға келетін болсақ, ол 5 тамызда Польшаның Мрагово қаласында төрешілер шешімімен жергілікті Павел Штепенге (18-0-1, 12 КО) жеңілді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Альвареспен үшінші айқастан кейін Головкин әлемдік рейтингіде жоғарылады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.