MMA.Metaratings.ru сайтының мәліметінше, қазақстандық Бекзат Алмахан 16 мың доллар (12 мың доллары жұдырықтасқаны үшін, қалғаны демеушілер берген ынталандыру сыйақысы) пайда тапқан.
Ал оның қарсыласы Нурмагомедов бұл жекпе-жекте 52,5 мың долларды қалтасына басты.
Айта кетейік, 26 жастағы қазақстандық файтер Б.Алмахан Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC Fight Night 238 турнирінде ресейлік аралас жекпе-жек шебері Умар Нурмагомедовпен жұдырықтасқан еді. Үш раундқа созылған жекпе-жекте Нурмагомедов төрешілердің шешімімен басым түсті. Ол – танымал спортшы Хабиб Нурмагомедовтің інісі.
Бекзат Алмахан биыл қаңтар айында UFC-мен келісімшартқа отырған болатын.