НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық әуесқой боксшы Бекзат Нұрдәулетов кәсіпқой рингте алғашқы жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жекпе-жек Атырау қаласында өтеді. Оны «Suleimen Promotion» компаниясы ұйымдастырады.
Бекзат Нұрдәулетов 1998 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. 2019 жылы Реесйдің Екатеринбург қаласында 81 келі салмақта әлем чемпионы атанды.
Кештің басты жекпе-жегінде Айдос Ербосынұлы WBO Global, WBC Asia, WBA International белбеулері үшін шаршы алаңға шығады.
Сондай-ақ, аталған шара барысында ұлттық құрама мүшесі Абылайхан Жүсіпов және Бек Нұрмағанбет, Евгений Павлов, Данила Семенов жекпе-жек көтізеді деп жоспарланып отыр.
Бұдан бұрын Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңісіне қол жеткізген болатын.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.