Түркістан қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметінен хабарлағандай, дәстүрлі бәсекеде бақтарын сынауға еліміздің барлық облыстары мен Қырғызстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Ресей секілді шет мемлекеттерден 200-ге жуық жас спортшылар қатысуда.
«Бекзатты еске алуға арналған сайыстың маңыздылығы жас спортшыларымыздың әлеуетін байқауға үлкен септігін тигізеді. Себебі, былғары қолғап киген өрендеріміз тек ел іші емес халықаралық деңгейде бақтарын сынайды», - дейді аталған жарыс жөнінде данқты боксшы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Мұхтархан Ділдәбеков.
Халықаралық бәсеке Бекзаттың туған күні яғни, 4 сәуірде өз мәресіне жетпек. Оған дейін шын мықтылар шаршы алаңда қолғап түйістіретін болады.