Бельгиялық БАҚ-тың хабарлауынша, Брюссельдегі оныншы жаппай вакцинациялау орнын іздеу бірнеше уақыт бойы жалғасты. Укель аймағы – қарттар көбірек қоныстанған муниципалитет. Сол себепті бұл азаматтарға ерекше санитария талаптары бар орын таңдалды.
Жалпы 9 муниципалитеті бар Брюссель астаналық аймағында тұрғындарға COVID-19-ға қарсы екпе егетін 10 орталық жұмыс істейді.
Брюссельдің денсаулық сақтау министрлігі вакцинация орталықтарының барлығы дайын екенін хабарлады.
«Бәрі дайын. Әр орталықтың қызметкерлері дайындықтан өтті, қарқынды жұмыс жүріп жатыр. Бізге қазіргі күні жетіспей тұрған нәрсе – вакцина ғана», - деп түсіндірді Бельгия астанасы қалалық денсаулық сақтау бөлімі қызметкерлері.
Жақын арада AstraZeneca компаниясы Бельгияға 443 мың доза вакцина жібереді. Бірақ Бельгия билігі бұл екпені 55 жасқа дейінгі азаматтарға ғана салуға рұқсат берді.
Сондай-ақ, екпе 200 мың медицина қызметкеріне, қоғаммен үнемі байланыста жүріп жұмыс істейтін полиция өкілдеріне бірінші салынады.