Бельгияның «Беерсхот» атты әуесқой клубтың жанкүйерлері сүйікті командаларына ерекше қолдау көрсетті, деп хабарлайды segodnya.ua.
«Тернесспен» ойнар алдында клуб басшылығы белсенді жанкүйерлерден файерлер мен бенгал оттарынан бас тартуды өтінген болатын. Және Тернесске келген мыңға жуық жанкүйер алаңға тауықтарды жіберді. Зәресі ұшқан жасыл алаң бойымен шоқ басқандай жүгіре жөнеліп, жиылған көрерменді күлкіге бөледі. Ал төрешіге стюардтар алаңнан жануарларды қуып жіберуі үшін кездесуді бірнеше рет тоқтатуына тура келді.