Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады.
«Colruyt» желісінің ресми өкілі мәлім еткендей, есірткі заттары тауар сатылымға түспес бұрын анықталған, яғни бұл заттар дүкеннің сөрелеріне қойылған жоқ. Табылған есірткі заттарының нарықтық құны 3,2 млн. еуро сомасында бағалануда.
Бельгиялық полицейлердің пікірінше, оқиғаның орын алуына кокаин трафигінің жүйесінде кеткен қателік себеп болған. Яғни, жасырын есірткі заттары салынған банан жәшіктері жергілікті криминал ұйымдарының қолына емес, қателік кетіп, жүкқұжаттың жеткізілуі тиіс жалған мекен-жайға - дүкендерге жеткізілген.